Педагогтермен ашық диалог

Бүгін “Өрлеу-Ақтөбеде” Ақтөбе облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментімен бірлесіп офлайн және онлайн режимде педагогикалық қызкеткерлермен кездесу ұйымдастырылды (қамту – 180 мұғалім).
Біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары Ақтөбе облысы бойынша БСБД басшысы Г.А. Сәрсенғалиевадан сұрақтар қою және нақты жауаптар алу мүмкіндігіне ие болды, олар Департамент қызметінің негізгі бағыттарын өзектендірді. ​
Мұғалімдердің, оқушылардың және ата-аналар қоғамдастығының құқықтарының бұзылуын анықтау бойынша жергілікті жерлерде нақты шаралар қабылдау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әр түрлі әлеуметтік санаттағы оқушылар мен отбасылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ ата-аналармен жұмыс жүргізуді күшейту, білім сапасын арттыру мәселелері бойынша бірлескен жұмыс жүргізу бойынша ұсыныстар берілді.
Кездесуге қатысушылар face-to-face диалогына мүмкіндік бергені үшін БСБД басшысы Гульнар Акмурзиевнаға алғыстарын білдірді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар