«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсының облыстық кезеңі жалғасуда. Жамбыл-«Өрлеу» қызметкерлері білім берудің барлық деңгейіндегі мұғалімдерге белсенді түрде кеңес беріп келеді. Жамбыл жоғары медициналық колледжі мен Темір жол көлігі колледжінде Кәсіби даму институты қызметкерлері кездесу кезінде конкурстық материалдардың дизайны және конкурс шарттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу нәтижесінде байқауға қатысу туралы белсенді ұсыныстар болды. Сонымен қатар облыстық арнайы түзету ұйымдарының педагогтерінің бастамасымен байқауға қатысу бойынша жеке және топтық жедел кеңестер өткізілді. Кездесуге қатысушылар ақпараттар үшін алғыстарын жеткізіп, байқауға қызығушылықпен үздік кәсіби тәжірибелерін бөлісуге ниет білдірді.
Құрметті ұстаздар, толық ақпаратты: «Өрлеу» БАҰО» АҚ сайтынан https://ppi.orleu-edu.kz/ сілтемесі бойынша алуға болатынын тағы да еске саламыз!
Қатысушылардың өтінімдері мен конкурстық материалдарын төмендегі сілтеме бойынша 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жіберулеріңізді сұраймыз: https://ppi.orleu-edu.kz/

