2022 жылдың 12-26 қыркүйегі аралығында Астана қаласының №8 мектеп-лицейінде Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Комекова Сандуғаш Оралхановнаның ұйымдастыруымен мектеп директоларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент» тақырыбында курс өтіп жатыр.
Курс барысында педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, тыңдаушылардың даму деңгейінің ерекшеліктерін ескере отырып, оларды бағалау технологиясы бойынша кәсіби қызметті жобалау, цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану дағдысын қарастырды.
Сонымен қатар, курстың аясында 16 қыркүйекте №8 мектеп-лицейі базасында «Білім беруді тұрақты дамыту сапасын стратегиялық басқару» атты семинар ұйымдастырылды.
№8 мектеп-лицейінің басшысы Айтимова Г.Е. мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алимкулова А.К. мектеп-лицейінің жалпы жұмыс бағытымен таныстырып, оның миссиясы – «Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, өзгерістерге бейім, сауатты, ІТ құзіретті, адал ұрпақ тәрбиелеу», лицейде ІТ компания, STEM лабораториялары және Гумилев Л.Н. атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Жаратылыстану ғылымдары» факультетімен бірлескен «Bioorganic» оқу әдістемелік зертхана кабинеттері жұмыс жасайтынын атап өтті.






