Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің экономисті
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 3 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің экономисті
бос лауазымына конкурс жариялайды;
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі экономикалық және (немесе) қаржы саласындағы білім, экономика және (немесе) бухгалтерлік және (немесе) қаржы салаларында кемінде бір жыл жұмыс өтілі немесе орта білімнен кейінгі білімі кезінде кемінде екі жыл экономикалық жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, сондай-ақ Қоғамның осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін.
Негізгі міндеттері:
2) атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Қоғам басшылығының, сондай-ақ Департамент директоры – бас бухгалтерінің және оның орынбасарының тапсырмаларын орындау;
3) міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
4) қаржылық, экономикалық және басқарушылық есепке алу талаптарына сәйкес қаржылық есепке алу мен есептіліктің ақпараттық жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу, ішкі және сыртқы пайдаланушыларға қажетті қаржылық, экономикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету;
5) Қоғамның бекітілген даму жоспарына сәйкес шығын баптарынан қаржы тәртібін сақтауды, қаражатты жұмсауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу;
6) барлық қаржыландыру көздері есебінен қоғам бюджетінің мақсатты бағдарламаларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету (бақылау);
7) кезекті қаржы жылына және Қоғам мен филиалдардың жоспарлы кезеңдеріне арналған бюджеттік бағдарламалардың түрлері бойынша есептік желілік көрсеткіштерді әзірлеу;
8) кезекті қаржы жылында және жоспарлы кезеңде ұйымның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қаржы ресурстарын экономикалық жоспарлауды жүзеге асыру, сондай-ақ қаржы қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу;
9) Қоғамның даму мұқтаждықтары үшін бюджеттен ақшалай қаражат ұсынуға өтінімдер дайындау;
10) филиал мен орталық аппараттың ақпаратын және есептілігін белгіленген тәртіппен жинау, өңдеу, талдау және ұсыну, оның анықтығын қамтамасыз ету;
11) Қоғамның штаттық кестесін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, штаттық кестесін тексеру, штаттық кестесін әзірлеу;
- тарификация тізімдерін жыл сайын тексеруге қатысу;
13) филиалдарды қаржыландыру жоспарын құру және жоспарда көзделген баптар бойынша қаражаттың жұмсалуына бақылау жүргізу;
14) Қоғамның даму жоспарын қалыптастыруға қатысу, сондай-ақ оларға түзетулер енгізу;
15) есепті қаржы жылына арналған даму жоспарының орындалуы бойынша есепті қалыптастыруға қатысу;
16) есептік құжаттарды ресімдеу тәртібін сақтау;
17) бюджетті пайдалану туралы есептер құрастыру, есептік ақпараттың объективтілігі үшін жауапты болу;
18) экономикалық сипаттағы және стратегиялық даму құжаттарының сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
- біліктілік деңгейін арттыру;
- іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
- өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау;
22) Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің бас экономисті уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, уақытша еңбекке жарамсыздық және т. б.) оның міндеттерін орындау;
23) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 30.09.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2022 жылғы 4 қазанда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 31-кабинет
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.