Курс аралық жұмыстар

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған біліктілік арттыру курсы жүргізілуде. Курсты бітіріп сертификатталған педагогтерге ағымдағы жылдың 21-қыркүйегінде курс аралық жұмыстарды жандандыру мақсатында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагог мәртебесі және ойын құзіреттілігі» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді. Тәжірибелік семинар екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде педгогтер педагогтік әдеп аясында талқылау жүргізді. Екінші тәжірибелік бөлімде мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған бірнеше ойын түрлерімен бөлісіп өз тәжірибелерін ортаға салды. Нәтижесінде өз тәжірибе қоржындарына жаңаша оқыту әдістерін жинаған педагогтер алғыстарын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар