Мектеп-гимназия тәжірибесіндегі инновациялық менеджмент

Алматы қаласының №144 мектеп-гимназиясы базасында Республика директорларына көшпелі практикалық сабақтар түрінде семинар өткізілді. Курс жетекшісі Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Тен Алира Сунтаковна болды. Көшпелі практикалық сабақтардың басты мақсаты – білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби және басқарушылық құзыреттерін кешенді дамыту.

Семинарда директор Саламатова А.К., директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Шахворостова А.В., басқарушылық және педагогикалық командалар, мектептің өзін-өзі басқару мектебін басқаруда инновациялық менеджмент әдістерін қолданудың практикалық тәжірибесі таратылды. Практикалық сабақтардың белсенді түрі мектеп директорларының STEM-білім беру, Lesson Study, біліми робототехникасы, үштілділік және инклюзивті білім беру саласындағы кәсіби және басқарушылық дағдыларын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар