Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің бас маманы, уақытша болмаған қызметкерді алмастыру уақытына
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 3 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ
Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің бас маманы, уақытша болмаған қызметкерді алмастыру уақытына
бос лауазымына конкурс жариялайды;
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі экономикалық және (немесе) қаржы саласындағы білім, бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есепке алу-талдау салаларындағы жұмыс өтілі кемінде соңғы үш жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, сондай-ақ Қоғамның осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
Негізгі міндеттері:
3) міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
4) Қоғамның филиалдарында екінші деңгейдегі банктердегі ақша қаражатының қозғалысын бухгалтерлік есептің әртүрлі учаскелері бойынша есепке алуды жүргізу, сондай-ақ бухгалтерлік есеп шоттарында уақтылы және дәл көрсетуді тексеру;
5) филиалдарда бастапқы есепке алу құжаттарын ресімдеу тәртібінің сақталуын іріктеп тексеру;
6) филиалдардың көрсетілген қызмет актілерін уақтылы ұсынуын және электрондық шот-фактуралардың жазылуын тексеру;
5) қаржылық тәртіпті сақтауға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;
6) бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдауды және бақылауды жүзеге асыру және оларды өңдеуге, жазбаларды жасауға дайындау;
7) қоғамның кірістері мен шығыстары туралы балансты және жедел жиынтық есептерді, басқа бухгалтерлік және статистикалық есептілікті қалыптастыру және оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсыну кезінде қатысу;
8) басшыларды, кредиторларды, инвесторларды, аудиторларды және бухгалтерлік есептіліктің басқа пайдаланушыларын есептің тиісті бағыттары бойынша салыстырмалы және дұрыс бухгалтерлік ақпаратпен қамтамасыз ету;
9) бухгалтерлік ақпараттың деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындау;
10) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, филиалдарына және басқа қызметкерлеріне есепке алу, бақылау, есептілік және шаруашылық қызметті талдау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету;
11) мүлікті түгендеуге қатысу;
12) Қоғамның барлық филиалдарымен байланыста жұмыс істеу;
13) филиалдарды қаржыландыруға арналған өтінімдерді қаржыландыру жоспарына, сондай-ақ өтінімдерге растайтын құжаттарға сәйкестігін тексеру;
14) іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
15) өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау;
16) Департаменттің басқа бас мамандары уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.) олардың міндеттерін орындау;
17) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 07.10.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2022 жылғы 11 қазанында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.