Оқу-тәрбие үрдісіндегі басқару мен бақылау жүйесі

2022 жылдың 3 қазанында Петропавл қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектебінде Өрлеу ББЖҚБАРИ тренері Жартынова Ж.А. орта білім беру ұйымының директорларына арналған біліктілікті арттыру курсы аясында “Орта білім беру ұйымдарын инвестициялық тұрғыдан басқару: маркетингтік, стратегиялық және тактикалық жоспарлау” тақырыбында тәжірибелік семинар өткізілді.

Семинарда мектеп әкімшілігі 2022 және 2023 оқу жылының негізгі басымдықтары арқылы жасалған ішкі бақылау және басқару жүйесін көрсетіп, мектептегі оқу-тәрбие үрдісіндегі цифрландыру саясатымен бөлісіп, мектеп басшылары арасында тәжірибе алмасу өтті.

Сонымен қатар, іс-шараға жетекші болып келген Өрлеу ББЖҚБАРИ тренері Жартынова Жанар Алибековна мектеп студиясындағы оқушыларына сұхбат берді. Сұхбат барысында Жанар Алибековна мектеп жаңашылдығына тәнті екенін және мектеп әкімшілігі оқу-тәрбие үрдісіндегі басқару мен бақылау жүйелілігінің ұтымды, әрі тиімді жолдарын көрсетіп, осы бағытта құжаттардың цифрландыру қолайлығын көрсете білгенін айтып өтті.

(1) Пікір

  • Жанар 07.10.2022 @ 09:52

    Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавловск к. N25 орта мектеп инновациялық бетке ұстар билим ордасы. Мектеп директоры Сәуле Нургалиевна шығармашыл, жаңалықтар жаршысы, табысты менеджер.

Пікірлер жабық.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар