Стратегиялық менеджмент басқару үдерісі ретінде

Алматы қаласының №39 мамандандырылған лицейінде директор Маликова Н.Т. және Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Тен А.С. ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы мектептерінің директорларына арналған семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – таңдалған инновациялар, заманауи оқыту әдістемелері, техникалық құралдар мен цифрлық технологиялар негізінде қойылған мақсаттарға қол жеткізудің тактикасы мен стратегиялық жоспарлау болып табылды. Практикалық сабақтарда әртүрлі пәндердің мұғалімдері бақылау, кері байланыс және формативті бағалау үшін цифрлық технологияларды қолдану, жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша пәндерді интеграциялау үшін STEM-оқыту, робототехника және т. б. тәжірибелерімен бөлісті.

Өткізілген іс – шараның рефлексиясы лицейдің жоғары жетістіктері педагогикалық ұжымды, басқару командасын және оқушылардың уәждемесін тиімді басқарудың нәтижесі екенін көрсетті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар