«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты басшылығы 2015, 2022 жылдары республика көлемінде озат іс – тәжірибесі таратылған облыстық білім басқармасының оқу әдістемелік кабинетінің ұжымымен кездесіп, бірлескен жұмыстарды талқылады. Ү.ж. 1 тамызынан бастап ҚР Оқу ағарту Министрі А.Қ.Аймағанбетовтың тапсырмасымен әр пәннің күрделі тақырыптары бойынша әзірленген пәндік курстардан бүгінгі күні 3300 педагог (82,2%) біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Жамбыл – «Өрлеу» директоры С.С.Құрманбекова облыс педагогтерінің біліктіліктерін арттыру бойынша мемлекеттік тапсырысты іске асыруда қосқан зор үлестері үшін оқу әдістемелік кабинетінің басшысы Ш.Усероваға, әдіскері А.Сыздықоваға институт атынан алғыс білдірді!




