Облыс педагогтері «Мұхтар Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясына- 80 жыл» тақырыбындағы танымдық сағатта бас қосты

Қазақтың кемеңгер жазушысы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясы – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды.
Бүгін институт кітапханасында біліктілікті арттыруға келген педагогтер, институт қызметкерлері «Мұхтар Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясына- 80 жыл» тақырыбындағы танымдық сағатта бас қосты. 1942 жылы қазақ тілінде «Абай» романының бірінші кітабы жарық көрді.
Аталған іс-шарада кітапхана қызметкері Н. Ермекова қазақ өмірінің тыныс-тіршілігін қамтитын роман-эпопеяның жазылу тарихына, ұлттық әдебиетіміз бен мәденитімізді, ана тілімізді өркендетудегі рөліне, басты кейіпкер Абайдың ойшылдық тұлғасын әлемге танытқан жазушы шығармашылығына тоқталды. Сонымен қатар қатысушыларға «Абай жолы – тұңғыш эпопея» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде «Абай» романы және әр жылы жарық көрген басылымдар қойылды.
Институт кітапханасы бір ғасырға жуық уақыт тек қазақ елінде емес, әлем көкжиегінде өмір сүрген туынды мәңгілік оқылуға тиіс шығарманы оқуға шақырады!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар