Аудан мұғалімдерінің үздіксіз білім жетілдірудегі әдістемелік қызмет (курстан кейінгі қолдау)

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні курстан өткен мұғалімдерге қолдау көрсету мақсатында әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасы әдіскері Каллибекова Гулзада Унгарбаевна «Аудан мұғалімдерінің үздіксіз білім жетілдірудегі әдістемелік қызмет (курстан кейінгі қолдау)» тақырыбындағы облыстық оnIine семинарын өткізді.
Семинарға Ақтөбе қаласы, Байғанин, Қарғалы, Ойыл, Алға, Темір, Мартук аудандарының мұғалімдері қатысты. Модератор, кафедра әдіскері Г.У.Каллибекова мұғалімдерге курстан кейінгі əдістемелік қолдау көрсету тəсілдері, жоспарлауды сүйемелдеу мәселелеріне нақты тоқталып, қойылған сауалдарға ZOOM платформасы арқылы тікелей эфирде жауап берді.
OnIine тәжірибе алаңында Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні және бастауыш класс мұғалімдеріі Бакенова Жанат Асановна, Сәуірбай Ақманар Бекесқызы, Манашова Жанаргүл Қалдымұратқызы, Әзиева Әлиса Жөкенкызы, өз іс-тәжірибелеріндегі кәсіби дағды мен жинақталған жұмыстың нәтижелерімен бөлісті.
Іс-шара барысында әртүрлі маңызды тақырыптар бойынша мәселелер көтеріліп, қатысушылар «Ашық микрофонда» өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты және тәжірибелерін ортаға салды. Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар