2022 жылдың 29 қыркүйегінде біліктілікті арттыру курсы аясында А.Байтұрсынов атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған “Заманауи сабақ дәстүр мен инновацияның бірлігі ретінде” тақырыбында облыстық семинар өтті.
Алғы сөзбен мектеп директоры Г.А.Ешмуханбетова сөз сөйлеп. Сонымен қатар мектеп мұғалімдері Ж.С. Суентаева, И.Т. Ерманова, М.Ж. Мухтарова, С.А. Калиева, Г.Т. Боранбаева, А.М. Гореева, Ш.Р. Берсиевалар сабақтан тыс іс-шаралар ұйымдастырып, тыңдаушылар назарына ұсынды.
Мұғалімдер педагогикалық тәжірибе алмасты. Барлық сабақтар жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. Сабақтың барлық кезеңдері нақты жоспарланып, тұрақты жүргізілді. Мұғалімдер мультимедиялық технологияны шебер пайдаланды, сабақта ақпараттық-коммуникациялық, оқушыға бағытталған технологиялардың элементтерін белсенді қолданды, әртүрлі жұмыс түрлерін пайдаланды.
Іс-шара рефлексиямен аяқталды, оған шақырылған мұғалімдер өткізілген сабақтар мен сабақтан тыс іс-шараларға, мектептегі әдістемелік жұмыс деңгейіне жоғары баға берді. Іскерлік ынтымақтастықтың шығармашылық атмосферасы құрылды.
Педагогтарға белсенді жұмысы үшін алғыс айтамыз!







