Бастаушы мұғалім: мамандықтағы өсу сатылары

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде онлайн режимде “Бастаушы мұғалім: мамандықтағы өсу сатылары”тақырыбында республикалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: еңбек жолын жаңадан бастаған педагогтарды бейімдеу және кәсіби дамыту мәселелерін өзектендіру, мектептің кадрлық әлеуетін дамытудың тиімді құралы ретінде тәлімгерліктің рөлі, сондай-ақ тәлімгер мен жас маманның табысты өзара іс-қимыл тәжірибесін тарату.
Семинар қатысушыларына институт директоры Н. Әбішева құттықтау сөз сөйледі ., спикерлер Б. Дыханова, А. Оразғали, А.Сейскенова, Г. Сапар, Н. Пеннер, Н. Сазонова практикалық жұмыс тәжірибесімен, кейстерімен бөлісті. Семинар соңында модераторлар Отарбаева Л ., Әділханова М. осы тақырыптың маңыздылығын қорытындылап, қатысушыларға алғысын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар