“Педагог” кәсіби стандарты

2022 жылдың 17 қарашасында «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты базасында «Педагог» кәсіби стандартының жобасы бойынша орта білім беру ұйымдарының басшыларымен талқылау жүргізілді.

Педагогтер санаттары бойынша ақпараттық – түсіндіру семинарында ББЖҚБАРИ директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Макатова жаңа буынның кәсіби стандартының сипаттамасы, педагогтің негізгі және қосымша қызметінің мазмұны мен міндеттері, сонымен қатар, педагогтің кәсіби құзыреттілігінің критерийлері, көрсеткіштері  туралы  ақпараттарымен бөлісті.

Нәтижесінде, семинар қатысушылары берілген ақпаратты талқылап, өздерінің аталған жобаға қатысты ұсыныстарын берді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар