Бүгін «Өрлеу» БАҰО АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлесе отырып, « Педагог» кәсіби стандарты жобасын талқылады. Талқылауға Жамбыл облысы бойынша білім сапасын қамтамасыз ету Департаментінің, ЖОО өкілдерінің, аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің, облыстық, аудандық оқу-әдістемелік кабинет меңгерушілері мен әдіскерлерінің, мектепке дейінгі, орта, техникалық-кәсіптік, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, барлығы 500 педагог қызметкер қатысты. Дарынды балаларға арналған мектептер мен мектеп-гимназия директорлары Ә.Әлішер, З.Дүзенова, Ф.Шортанбекова, Ж.Төребековалар және облыстық-оқу әдістемелік кабинеттің бөлім меңгерушісі Ә.Әлімбекова, Жамбыл облысы бойынша білім сапасын қамтамасыз ету Департаменті директорының міндетін атқарушы Ж.Әтен т.б. өз ойлары мен ұсыныстарын білдірді. Алда дөңгелек үстелдер мен вебинарлар циклын өткізу жоспарлануда. Кәсіби стандарт өте маңызды құжат болғандықтан, педагогикалық білімге қатысы бар барлық адамдар педагогикалық еңбек сапасының нормалары мен критерийлері туралы біртұтас түсінікке ие болуы қажет.
Кәсіби стандарттың мақсаттары:
-институционалдық, жеке және жүйелік деңгейлерде мемлекет пен қоғамның педагог мамандығының құндылығын мойындауы;
-оқытушыны дайындықтан бастап мамандыққа кіруге дейін педагогикалық шеберлікке қол жеткізуге дейін кәсіби өрлеу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету;
Құрметті, әріптестер! Жамбыл – “Өрлеу” барлық педагогтерді осы құжатпен танысуға және әлеуметтік желілерде өз ойлары мен ұсыныстарымен бөлісуге немесе электронды поштаға сілтеме жіберуге шақырады. Электронды пошта: zhambylipk@orleu-edu.kz





