«Педагог» кәсіптік стандарты – мұғалімді дамыту құралы

Педагогикалық қауымдастық арасында  «Педагог» кәсіптік стандарты жобасы белсенді талқыланып, педагогтер өз ұсыныстар беруде. Ү.ж. 18 қазаны күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» базасында облыстың  білім беру ұйымдары директорларының оқу-тәрбие, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларының қатысуымен онлайн форматта «Педагог» кәсіптік стандарты талқыланды. Әдіскер Л.Ш.Утеулиева кәсіптік стандарты жобасының мазмұнына шолу жасап, таныстырды.  Вебинарға Жамбыл облысынан 190-ға  жуық педагог қатысты.

Құрметті, әріптестер! Жамбыл-«Өрлеу» барлық педагогтерді осы құжатпен сілтеме бойынша танысып, өз ұсыныстарыңызды беруге шақырады: https://orleuedu-my.sharepoint.com/:f:/g/personal/tbegaulov_orleu-edu_kz/EjVmxD-RUDNAqTd6JY6g7ikBJctmUsVsIxkozfwKEtLoYw?e=dCxOki

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар