Педагогтің кәсіби стандарты  – жаңа мүмкіндіктер бастауы

Жамбыл -“Өрлеу” Кәсіби даму институтының аға оқытушылары Керімбай атындағы №12 мектеп гимназия базасында педагог қызметкерлермен “Педагог” кәсіптік стандарты жобасын талқылап, қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салды. Талқылау барысында мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары С.Мүбаракова жобадағы  «1.3 Кәсіптер картасында «Мектеп мұғалімі» атауы жалпылама берілгенін, кәсіп атауын және атқаратын еңбек қызмет түрлері мен лауазымына қарай «Педагог. Бастауыш сынып мұғалімі», «Педагог. Орта мектеп мұғалімі» сияқты нақты бөліп қарастырылса деген ұсынысын берді. Тараз қаласының №18″Еркежан” бөбекжай-балабақшасының әдіскері Ә.Даирова мектепке дейінгі ұйымның пән жетекшілері үшін педагогтің кәсіптік құзыреттілігі шеңберінің критерийлері анық және нақты болса деген ұсыныс білдірді. Педагог кәсіби стандарты-бұл жаңа мүмкіндіктердің бастауы.  Аталған құжат білім берудің барлық деңгейлеріндегі педагогтердің кәсіби дамуының бірыңғай бағдары болмақ.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар