Білім берудің жаңа форматындағы педагог

Бүгін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты Тараз қаласындағы ЖОО өкілдері мен педагогикалық мамандықтар студенттерінің қатысуымен «Педагог» кәсіби стандартының жобасын талқылау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. М.Х. Дулати атындағы ТарМУ «Ұстаз» институтының директоры Жолдасова Орынқыз өз сөзінде кәсіби стандарт – педагог мамандардың еңбек сапасының нормалары мен өлшемдерін бірыңғай түсіну, білікті педагогикалық кадрлар сапасына деген қоғамның жоғары сұранысын қанағаттандыруда маңызды құжат болып табылатынын атап өтті. Талдау барысында келесі ұсыныстар берілді: біріншіден, 2-тарауда педагогтің кәсіби құзыреттілігінің шеңберіне «педагогтың психологиялық дайындығы» критерийін енгізіп, көрсеткіштерін анықтау керек; екіншіден, 4-тарау Кәсіптер карточкаларында педагогтардың кейбір санаттары есепке алынбаған, сондықтан, интернаттық ұйым тәрбиешілері, арнайы  және түзету, бейімдеу мекемелерінің тәрбиешілері, мектеп жанындағы интернат тәрбиешілері санаттарының кәсіптер карточкасын жасау.

Құрметті ұстаздар! Жамбыл-«Өрлеу» «Педагог» кәсіби стандартын талқылау жұмыстарын алдағы уақытта жалғастыратынын хабарлайды. Өз ойлары мен ұсыныстарымен бөлісуге немесе электронды поштаға сілтеме жіберуге шақырады. Электронды пошта: zhambylipk@orleu-edu.kz     

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар