Инклюзивті білім және қоғам

Республика күнін мерекелеу қарсаңында” Жамбыл-Өрлеу” “Инклюзивті білім және қоғам: стратегиялар, тәжірибелер, ресурстар ” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференцияның мақсаты – инклюзивті үдерісті дамытудың негізгі стратегиялары мен инклюзивті білім берудің табысты тәжірибелерін талқылау. “Білім беру ұйымдарының ҮЕҰ-мен және инклюзивті білім беру ортасын дамытуды ресурстық қамтамасыз ету функцияларын орындайтын қоғамдық ұйымдармен желілік өзара іс-қимылын дамыту” бағытында  Ресейдің, Қазақстанның спикерлері – Гусев Алексей (Мәскеу), Духмина Елена (Калининград), Князева Анна (Ярославль) және “Инклюзивті білім беру педагогінің кәсіби бейіні, дайындық модельдері және оқыту бағдарламалары” бағытында  Светлана Новичкова (Алматы) өз пікірлерімен бөлісті. Финляндия мемлекетіндегі инклюзивті білім беру жүйесі туралы ғалым Паулина Канервоның тәжірибесі көрсетілді.

“ХХІ ғасырдағы инклюзия және жаһандық сын-қатерлер” бағыты бойынша пікірталас алаңында  әлеуметтік және білім беру инклюзиясының теориялық және әдіснамалық негіздері, оқытудың барлық деңгейлеріндегі инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың өзекті мәселелері кеңінен талқыланды, инклюзивті білім беруді дамытудың  үздік тәжірибелері көрсетілді.

“Инклюзивті білім беру ортасын жобалау және оқытудағы әмбебап дизайн” бағытындағы шеберлік-сыныптарда Тараз қаласының орта мектептерінің педагогтері ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды оқытуда қолданылатын заманауи әдістер мен технологияларды көрсетті.

“Инклюзивті білім беру вертикалі: мектепке дейінгі, жалпы және кәсіптік білім берудегі технологиялар мен табысты практикалар” бағыты білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне, педагогтеріне инклюзивті практиканы іске асыратын білім беру ұйымдарына – №33 “Айсәуле” бөбекжай-бақшасы, №32 ОМ (Тараз қ), М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің  «Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу орталығы», Жамбыл облысы бойынша нашар көретін және зағип азаматтарға арналған облыстық кітапханаға барып, іс-тәжірибесімен танысуға мүмкіндік берді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар