Кәсіби стандарттың жаңа жобасы талқылануда

ҚР Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде Оқу-ағарту министрлігі «Педагог» кәсіби стандартының жаңа жобасын әзірлеген болатын. Кәсіби стандарт – мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігінің шеңберін анықтайтын жаңа буын құжаты, мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуының навигаторы болып табылады.

Өрлеудің барлық филиалдарында жаңа стандартты негізді және іс-әрекеттік түсіну үшін педагогтер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жобасы талқылануда. 18 қазан күні «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында «Педагог» кәсіби стандартын талқылауға арналған кезекті интерактивті сағат өткізілді. 60-қа тарта қала мектептерінің педагогтері қатысқан жиында «Педагогтің кәсіби стандарты не үшін қажет?, Ол мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуына қалай әсер ете алады?, Педагогтің кәсіби стандарты қалай білім беру сапасын арттыруға ықпал ете алады?» деген сұрақтар талқыланды.

Сонымен қатар спикер «Педагог» кәсіби стандартының негізгі сипаттамаларына шолу жасап, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы №133 бұйрығымен бекітілген 2017 жылғы стандарт пен жаңа буын стандартының қолданылу салаларына, педагогтердің кәсіби құзіреттілік шеңбері, біліктілік бойынша педагог құзыреттілігі санаттарының критерийлеріне, педагогтің қызмет бағыты бойынша білім, білік, дағдыларының айырмашылықтарына тоқталды. Іс-шара соңында құзыреттіліктерге талдау жүргізіліп, тәрбиеші, әдіскер мамандығының карточкалары жан-жақты зерттеліп, ұсыныстар берілді. Ұстаздардың ұсыныс-пікірлерін өңдеуде атқарылатын жұмыстар көп, жаңа стандарт мұғалімнің кәсіби өмірінде басты бағдар болады деп сенеміз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар