2022 жылғы 17 қазанда «Педагог» кәсіби стандартын талқылау үшін қаланың педагогикалық қызметкерлерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында ақпараттық-шолу вебинары өткізілді. Семинар жұмысына Астана қаласының орта білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары қатысты.
Семинар спикері Гүлназ Мылтықбайқызы Есжанова стандарт жобасын таныстырды. Жаңа буын стандартында алғаш рет мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің нақты шеңбері, педагогикалық кәсіптің құндылықтары, еңбек құзіреттері анықталып, сипатталды.
«Педагог» кәсіби стандарты білім басқармасының, Астана қаласының Білім саласындағы бақылау департаментінің Білім саласындағы бақылау комитеті, облыстық әдістемелік орталықтардың, жоғары оқу орындарының, «Өрлеу» филиалдарының сайттары мен әлеуметтік беттерінде орналастырылады.
Семинарды ұйымдастырушылар педагогтарды әлеуметтік желілерде өз ойлары мен ұсыныстарымен бөлісуге немесе astana.ipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы жіберуді ұйымдастырды.