Ү.ж. 27 қазанда Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Ж.Кошербаева Қордай ауданындағы «Шыңғыс» оқу орталығы базасында «Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында семинар–практикум жұмысына қатысты. Іс-шара білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда сыни тұрғыдан ойлаудың маңыздылығын айқындау, педагогтермен іс-тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Семинар-практикум барысында Ж.Кошербаева «Қысқа мерзімді жоспар құрудың тиімді жолдары» тақырыбында аудан әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдеріне коучинг өткізді. Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жолдарын сабақ жоспарында қарастырды. Аталған мектеп мұғалімдері математика, қазақ тілі, жаратылыстану пәндері бойынша ашық сабақтар, сыныптан тыс тәрбие сағаты, шеберлік сынып сағатын жүргізді. Семинар соңында тиімді кері байланыс беріліп, ұсыныстарын айтты. Алдағы уақытта бірлескен іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.



