Мектепке дейінгі білім берудегі жаңа мүмкіндіктер

Ү.ж. 27 қазанда Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы М.Садибекова Қордай ауданы «Айналайын» балабақшасының базасында «Мектепке дейінгі білім берудегі өзгерістер» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді. Негізгі мақсат – мектепке дейінгі ұйымдардағы жаңа өзгерістерді тәжірибе жүзінде талдау. М. Садибекова Қордай ауданының мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мен тәрбиешілеріне мектеп жасына дейінгі балалары үшін XXI ғасыр дағдыларының маңызы, заттық-дамытушы ортасын тиімді құрудың жолдары, командалық ынтымақтастықты орнату және негізгі нормативті құжаттарын тәжірибе жүзінде талдау жұмысын жүргізді. Семинар-практикум жұмысына қатысушылар тәжірибелерінде кездесетін қиындықтары бойынша сұрақтарына нақты жауап алды. Алдағы уақытта тәжірибелік бағыттағы іс-шаралар жалғасын табады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар