Семинарда жаңа стандарт талқыланды

Бүгін «Өрлеу» – БҚО өкілдері М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Педагог» кәсіби стандарты жобасы бойынша семинар өткізді.  Семинарға институт оқытушылары мен студенттері қатысты.

         Жиынды педагогика факультетінің деканы, п.ғ.к. Гүлжан Ергалиева ашып, кәсіби стандарттың барлық деңгейдегі педагогтер үшін маңыздылығына тоқталды.

         Кәсіби даму институты директоры Софья Измуханбетова, директордың орынбасары Күміс Байкатова, аға оқытушы Бағдагүл Габбасова «Педагог» кәсіби стандартының негізгі сипаттамаларымен таныстырып, педагогтің құзыреттілік шеңбері, педагогикалық еңбек сапасының нормалары мен критерийлері туралы ой бөлісті.

         Қатысушылар жаңа жоба бойынша толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Педагогке қажетті білім, шеберлік және дағдыларын зерттеу бағытында ұсыныстарын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар