Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлескен жұмыс жоспары аясында Жамбыл – “Өрлеу” оқытушылары Байзақ ауданының педагогтеріне оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысын ұйымдастыру және проблемалық мәселелерді шешу жолдарын іздеу бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Мұғалімдерге қажетті түсініктемелер беріліп, сабақтың қысқа мерзімді жоспарын құрудың тиімді тәсілдері, интерактивті оқыту үшін төңкерілген сабақ технологиясын және интерактивті тапсырмалар жасау үшін онлайн сервистерді пайдалану бойынша шеберлік сағат пен консультациялар өткізілді.





