31 қазан математика мұғалімдеріне арналған «10-11 сыныптар математика курсының күрделі тақырыптарын оқытуда математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбы бойынша біліктілік арттыру курсы басталды. Курс жетекшісі – Боранбаева Ляйля Каирбековна. 80 сағаттық курс 11 қарашаға дейін жалғасады.
Курс барысында тыңдаушылар Soft Skilis негізгі принциптерін математикадағы мәтіндік есептерді шешуде бірлесіп оқыту, Л.Выготскийдің «ЖАДА» теориясын қолдануды және нақты өмірлік жағдаяттар мәтінінде ұсынылған арнайы оқу тапсырмаларын пайдалана отырып, математикалық сауаттылықты дамыту тәсілдері мен әдістерін меңгереді.