Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлескен жұмыс жоспары аясында Жамбыл – “Өрлеу” оқытушылары Байзақ ауданының педагогтеріне оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысын ұйымдастыру және проблемалық мәселелерді шешу жолдарын іздеу бойынша әдістемелік көмек көрсетті. Мұғалімдерге қажетті түсініктемелер беріліп сабақты тиімді қысқа мерзімді жоспарлау, дескрипторлар мен бағалау критерийлерін әзірлеу, функционалдық сауаттылық бойынша көп деңгейлі тапсырмаларды жобалау бойынша шеберлік сағаттар мен консультациялар өткізілді.





