2022 жылдың 2 қарашасы күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлесіп, облыстың 400-ден астам білім беру ұйымдарының басшыларының қатысуымен «Педагогтердің кәсіби даму сапасынан сапалы білімге» атты брифинг өтті. Мақсат – педагогтердің біліктілігін арттырудың жаңа форматымен, білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби құзыреттілігін дамытудың заманауи білім беру бағдарламаларымен және педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының халықаралық тәжірибесімен (Эстония) танысу.






