Білім беруді тұрақты дамыту сапасын стратегиялық басқару

Көкшетау қаласы, №17 мектеп-гимназиясы базасында мектеп басшыларына арналған «Білім беруді тұрақты дамыту сапасын стратегиялық басқару» тақырыбында семинары өтті. Іс-шараға Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Іркітбай Ғалым Бұлтұлы қатысты.

Семинар барысында мектеп директоры Хасенова Раушан Серікқызы мектеп-гимназиясының оқу-тәрбие жұмысымен таныстырып, мектеп басшыларын үш топқа бөліп, «Мектеп имиджін қалыптастыру» тақырыбында шебер-сынып өткізді. Әр топ заманауи мектептің бейнесін жасап, ал спикерлері өз жобаларын қорғады.

Бастауыш сыныптардың оқу ісі жөнінде орынбасары Сағындықова Толқын Тұрсынқызы «Заманауи тұрғыда бастауыш мектепті басқаруды ұйымдастыру» атты жұмысында бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларының жетістіктері туралы баяндады.

Мектептің көшбасшы жобасының жетекшісі, бастауыш сынып әдістеме бірлестік жетекшісі Абдосова Құралай Мусаевна «Қазақстандық мұғалімдердің көшбасшылығын дамыту жобасы: тәжірибе және нәтижелер» тақырыбында мектеп мұғалімдерінің, жас мамандардың  көшбасшылық жоба нәтижесінде қол жеткен жетістіктерін атап өтті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар