2 қараша күні Өрлеудің Қызылорда филиалында аймақ педагогтері мен білім беру ұйымдарының басшыларын ақпараттандыру мақсатында «Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту: көшбасшылыққа жол» тақырыбында брифинг өтті. Брифингке білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары қатысты.
Брифинг-сессия спикері, филиал директорының орынбасары Сәкен Серікбаев қатысушыларға педагогтердің кәсіби дамуының жаңа форматы, мектеп басшыларының кәсіби құзыреттерін дамытуға арналған заманауи білім беру бағдарламалары туралы мазмұнды ақпарат берді.
Сонымен қатар, стратегиялық менеджмент пен көшбасшылыққа үйрететін, «Өрлеу» мен Алматы Менеджмент Университеті бірлесіп дайындаған «Жаңа мектеп: нәтижелі басқару командалары» курсының мақсаты мен мазмұны жайлы толығырақ айтып өтті. Брифинг-сессия барысында 2-ші спикер, филиал тренері Серік Құсейінов «Жас мамандардың тұлғалық және кәсіби мүмкіндіктерін анықтау жолдары» шеберлік сыныбын көрсетті. Шара соңында қатысушылар пікірлерімен бөлісті.



