Педагогтердің кәсіби дамуының жаңа моделі

Педагогтердің кәсіби дамуының жаңа моделі және “Өрлеу” жұмысының қайта жаңғыруы туралы Ақтөбе қаласы № 76 орта мектеп қабырғасында педагогтердің талқылау тақырыбына айналды.
Кездесуде педагогтар мұғалімдердің өзін-өзі бағалау құралдары мен оқыту сапасын зерделеудің біліктілігін арттыру мәселелерін көтерді.
Институт директоры Н. Әбішева өз сөзінде “Өрлеу” бүгінгі таңда цифрлық мүмкіндіктерді кеңейтіп жатқанын атап өтті. Мұғалімдер www.orleu-edu.kz сайтынан білім беру деңгейлері, Тіл және тақырып бойынша біліктілікті арттыру курстарының кестесін, курстан кейінгі іс-шаралар күнтізбесін және оқиғалар туралы хабарландыруларды көре алады. Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап “Өрлеуде” оқу пәндері бойынша күрделі тақырыптарды терең зерттеуге бағытталған жаңа форматтағы курстарға бастама берілгеніне, бүгінгі таңда LMS (Learning Management System) платформасында мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 2050 мұғалім оқытудан өткеніне назар аударылды. Мұғалімдердің қызығушылығын тудырған педагог-тәлімгерлерге арналған курстар белсенді өткізілуде.
Мектептің педагогикалық ұжымы барлық сұрақтарға жауап алды, сындарлы диалог өтті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар