Білім беру көшбасшыларына арналған кәсіби алаң клубы

2022 жылдың 25 қарашасында КИМЭП Университеті ұйымдастырған білім беру көшбасшыларына арналған кәсіби алаң клубының ашылуы өтті. Бірінші отырыстың тақырыбы «Оқытушыларды аттестациялау: халықаралық тәжірибе».

Іс-шара ұйымдастырушыларының шақыруымен Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушылары Жақсылықова К.З., Ыбышева А.С., Абайдуллаева А.А. және Көмекова С.О.  білім беру көшбасшыларының кәсіби алаңы клубының мүшелері болды.

Клубтың ашылу бағдарламасы туралы КИМЭП білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы, PhD, профессор Жұлдыз Смағұлова және жалпы білім беру факультетінің деканы, Phd, профессор, КИМЭП сарапшысы Хэзэр МакКоллум сөз сөйледі. Спикерлер педагогтерді аттестациялаудың халықаралық тәжірибесі мен оқыту сапасы бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара барысында қатысушылар біріге отырып, жұмысты одан әрі жалғастыру үшін клубтың жұмыс жоспарын әзірледі. Клуб мүшелері пікірталастар мен тренингтерге белсенді қатысып, клубтың одан әрі жұмысы үшін өзекті тақырыптарды ұсынды.

Клубтың бірінші отырысының қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар