«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» мен Байзақ ауданының білім бөлімінің арасында әдістемелік қолдау көрсету бойынша бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес «Мектеп мұғалімінің зерттеушілік іс-әрекеті: кәсіби даму ортасын құрудың тиімді тәсілі» тақырыбында білім беру ұйымдарының педагогтері мен әдістемелік бірлестік жетекшілеріне арналған оқыту семинары өткізілді. Оқыту семинарында мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, оқу үрдісінде педагогтердің зерттеушілік іс-әрекеттерін жүзеге асыру, ұжымда кәсіби даму ортасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүйесі талқыланды. Оқыту семинарында Институт қызметкерлері С.М.Қарымбаева, А.А.Бейсенкулова, Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі З.А.Тилепбергеновалар педагогтер арасындағы ынтымақтастық байланыс, шығармашылық жұмыстар туралы ой бөлісіп, пән мұғалімдерінің оқыту сапасын арттырудағы зерттеушілік әрекеттің маңыздылығы туралы ақпараттарымен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Cабақты зерттеуде LESSON STUDY тәсілін қолдану арқылы мұғалім тәжірибесін дамытудың тиімді жолдары таныстырылды.

- 30 Ноя
- 2022