«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастырумен №11 орта мектеп базасында өткізілген «Дарынды балалармен жұмыс жасауда тиімді әдістер мен формалар: іріктеуден дамуына дейін» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференцияға институт тарапынан кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент А.К.Каплиева қатысты.
Мақсаты – дарынды балалармен жұмыс жасауда педагогтердің кәсіби дамуын қолдау. Конференцияға дарынды балалармен жұмыс жасайтын облыс және қала мектептерінің мұғалімдері қатысты.
Аталған конференцияның пленарлық мәжілісінде Айгүл Қыдырбайқызы педагогтердің кәсіби дамуындағы дарынды балаларды қолдаудың педагогикалық аспектілеріне тоқталып, идеядан жетістікке жету жолдарын атап көрсетті. Конференцияның екінші бөлімі секция жұмыстарымен жалғасты. Әріптестерімізге ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!



