2022 жылдың қараша айының 30-жұлдызы күні Шымкент қаласы Әдістемелік орталығы, №109 жалпы орта білім беретін мектеп және «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» бірлесіп «Білім берудің 4К моделін жүзеге асыру: теория, технология, тәжірибе» тақырыбындағы қалалық семинар өткізді. Қалалық семинардың мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде білім берудің 4К моделін жүзеге асырудың теориялары, технологиялар және әдістемелерін пайдаланудың озық тәжірибелерін насихаттау, оларды жетілдіру туралы пікір алмасу, одан әрі жетілдірудің жаңа мүмкіндіктерін анықтау. Семинарға қатысушылар: жалпы білім беретін мектептердің басшылары мен педагог қызметкерлері, жоғары оқу орындарының профессор оқытушылары, «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ тренерлері, ПШО қызметкерлері, білім беруді басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері.Аталған іс-шарада №109 жалпы орта білім беретін мектебінің пән мұғалімдері өз пәндері бойынша ашық сабақтар, тренингтер, дебат, коучингтерді жоғары дәрежеде өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушылары Лаззат Кенжехожаева мен Анар Жангабулова “Сабақ процесіндегі саралаудың маңызы мен қолдану бағыттары” тақырыбында тренинг өткізіп, ашық сабақтарды талдап, алдағы жұмыстардың қарқынды түрде жалғасуына өз үлестерін қосты. Семинар соңында Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының әдіскері Жарқынай Арысбаева мектеп ұжымына ризашылығын білдіріп, семинарды ұйымдастырған мектеп ұжымын және сабақ өткен пән мұғалімдерін “Алғыс хатпен” марапаттады.

- 01 Дек
- 2022