Тәжірибе алаңының 20 жылдығын өткізуге арналған бас қосу

Республикамызда аналогі жоқ, облыс көлемінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын озат тәжірибелі мұғалімдердің мәртебесін көтеру, шығармашылық әлеуетін, кәсіби құзіреттілігін дамыту, үздік тәжірибесін анықтау, таратуға мүмкіндік беретін ең құнды, маңызды жобалардың бірі – «Тәжірибе алаңына» биыл 20 жыл.

Тәжірибе алаңы Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мұғалімдердің үздік тәжірибесін анықтау мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Бүгін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлерімен Тәжірибе алаңының 20 жылдығын өткізуге арналған бас қосу өтті.

Бас қосуда 2023 жылдың 2-4 қаңтары аралығында өткізілетін Тәжірибе алаңының жұмыс жоспары жасалды. Алаң бағдарламасында түрлі бағыттар бойынша өткізілетін оқу сағаттары, шеберлік сыныптары, семинарлар мен конференциялар, тренингтер, дебат, пікірталастар, танымдық ойындар, сауық кештері, т.б. іс-шаралардың өткізілу форматы, сарапшылардың атқаратын міндеттері талқыланды.

Жаңа форматта өткізілетін Тәжірибе алаңынан табысты, тың идеялар күтетін боламыз.

(2) Пікірлер

  • Анар 15.12.2022 @ 16:57

    Сәлеметсіздер ме? Тәжірибе алаңына қалай қатыссақ болады?

    • Г. А. Махмутова 15.12.2022 @ 21:25

      Сәлеметсіз бе? Қалалық, аудандық білім бөлімдеріне ақпараттық хат жіберілді. Өзіңіз тұратын қала немесе аудандық білім бөлімінің әдіскеріне хабарласуыңызға болады

Пікірлер жабық.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар