Ішкі аудит қызметінің басшысы
Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 года ago
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ
Ішкі аудит қызметінің басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бағыт бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, қосымша арнайы дайындық және лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда қаржы-шаруашылық қызмет лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде аудит саласында кемінде екі жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының қаржылық және экономикалық құқықтық қатынастарды, білім беру салаларын реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау жөніндегі халықаралық нормативтер мен стандарттарды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық актілерді, ұйымның шаруашылық қызметіне қатысты әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды, халықаралық есептілік стандарттарын, салық есептілігі мен бухгалтерлік есептің қолданбалы бағдарламаларын, қаржы, салық заңнамасын, бухгалтерлік есепті жүргізу және есептілікті дайындау тәртібін, ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметін талдау әдістерін, тексерулер мен құжаттық тексерулер жүргізу ережелерін, ақша айналымын, кредит, баға белгілеу тәртібін, заңды және жеке тұлғаларға салық салуды, іскерлік қарым-қатынас этикасын, экономиканы, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру мәселелерін, қаржылық операцияларды ресімдеу және құжат айналымын ұйымдастыру тәртібін, есепке алу мен есептіліктің қолданыстағы нысандарын, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білу керек.
Лауазымға тағайындау үшін Директорлар кеңесімен келісу керек.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 23.12.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2022 жылғы 26 желтоқсанында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.