Ағымдағы жылдың 8 желтоқсан күні «Музей педагогикасы» жобасының кураторы, PhD философия докторы, халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Э.Б.Мирзалиеваның жетекшілігімен Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Сәулет өнері ескерткіштері» тақырыбында И.В.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясынының 4 «А» сынып оқушыларына орыс тілі сабағы өткізілді. Мұражайдағы сабақты музей қызметкері Оразбақов Ақжан мектеп курсының тақырыбы бойынша музей экспозицияларымен оқушылар арасында диалог құра отырып тереңдете оқыту мақсатында жүргізді. Мұражай педагогикасының әдістемесін пайдалану №39 И.В.Панфилов атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі пәні мұғалімі А.Абдіхалықоваға маңызды мақсатты шешуге мүмкіндік берді, балаларға көркемдік-эстетикалық объектілерді ойлау мен сезінудің алғашқы эмоционалдық тәжірибесін беруге, сенсорлық моториканы және шығармашылық ойлауды дамыту бойынша тәжірибе болды.

- 08 Дек
- 2022