«Өрлеу» Павлодар филиалында тамыздың бірінен бастау алған курстар жалғасуда. Өңіріміздің екі жүзден астам математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері мен әдебиеті, тарих мұғалімдері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтері біліктілігін арттырып келеді.
Сабақ барысында курс тыңдаушылары жеке кәсіби сұраныстар мен қиындықтарды қанағаттандыруды ескере отырып, пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұнының күрделі мәселелері бойынша құзыреттіліктерін жетілдіруде.
Ендігі аптадан бастап (15.08. 2022ж.) пән мұғалімдеріне арналған курстардың екінші ағыны басталады. Оған, жоғары аталған сабақтармен қатар география, химия пәндерінің, бастауыш сынып мұғалімдері жаңа оқу жылына арнап білімдерін жетілдірмек.

- 09 Авг
- 2022