Тамыз айының 1-12 жұлдыздары аралығында өткен пән мұғалімдеріне арналған біліктік арттыру курстары өз мәресіне жетті. Алдарыңызда біздің тыңдаушыларымыз бен курс барысының көрінісі.
Бірінші ағымда математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері мен әдебиеті, тарих мұғалімдері мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтері біліктілігін арттырды. Курс мазмұны ұстаздардың көңілдерінен шығып, оң әсерін қалдырды.
Келесі курстар ағымдағы жылдың 15-тамызынан бастау алмақ. Оған, жоғары аталған сабақтармен қатар география, химия пәндерінің, бастауыш сынып мұғалімдері жаңа оқу жылына арнап білімдерін жетілдірмек.