Тарихшыларға арналған семинар
Қыркүйектің 15-жұлдызында Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат базасында курстан кейінгі қолдау аясында (оқытушысы Ә.Несипбаева) тарих пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар ұйымдастырылды. Іс-шара «Тарих сабақтарында зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында, үш форматта: дөңгелек үстел, Ted – x конференциясы және ашық сабақ түрінде өтті.
Ұстаздар тарих пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындаудың ұстанымдарымен, деректермен, карталармен жұмыс жасау жолдарымен, сабақта soft skills дағдыларын дамыту әдістерімен бөлісті. Сондай-ақ, қатысушылар ойын технологиялары, Ted – x конференциясы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытудың құралдарын қарастырды.
Ұстаздар семинар аясында тарих пәнінен күрделі тақырыптарды жүргізуде зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыра алу, зерттеушілік жұмыс ұйымдастыру бойынша тапсырмаларды жобалау және талдай алу нәтижесіне қол жеткізді.