«Өрлеу» Павлодар филиалында өткен аптаның соңғы күні керемет іс-шарамен аяқталды.

1-ші наурыз бен 10 қазан аралығында өткен республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы” бейнесабақтар конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.

Республикалық конкурс биыл үшінші рет өткізіліп, мұғалімдердің кәсіби тұрғыдан өсуін ынталандыру үшін жақсы дәстүрге айналды. Конкурсқа мектепке дейінгі, орта, қосымша, арнайы, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Жалпы конкурсқа Павлодар өңірінен 21 номинация бойынша 325 мұғалім қатысып, олардың 62-сі жүлделі орындарға ие болды. Ал бірінші орынды иеленген қатысушылардың жұмыстары республикалық кезеңге жіберілді.
«Өрлеу»-Павлодар филиалының директоры Р. Ашимбетова өзінің құттықтау сөзінде қатысушыларға белсенділік танытқаны, креативті идеялары мен шығармашылығы үшін алғыс білдіріп, аталмыш конкурстың ҚР Оқу-ағарту Министрлігі, “Өрлеу” БАҰО” АҚ бастамасымен өткізілгендігіне назар аударды.


Байқаудың аймақтық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Павлодар филиалы директорының орынбасары, Конкурстың өңірлік сараптама кеңесінің төрағасы Н.Шпигарь құттықтап жұмыстарға қысқаша шолу жасап өтіп, дипломдарды табыс етті.
“Педагогикалық идеялар панорамасы -2022” конкурсының аймақтық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз және оларға республикалық кезеңде Павлодар облысын жоғары деңгейде көрсетуге тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар