STEAM-ды заманауи мектептің білім беру ортасына енгізу

2022 жылдың 13 желтоқсанында «Жаратылыстану» пәні мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Жақсым Орынбек Исаұлының ұйымдастыруымен «STEAM-ды заманауи мектептің білім беру ортасына енгізудің жаһандық мақсаттары» тақырыбында вебинар өткізілді.

Аталмыш вебинарға Республиканың әр аймағынан «Физика», «Математика», «Информатика», «Химия», «Биология» және «География» пәндері бойынша мұғалімдер белсенді қатысты.

Іс-шара барысында STEAM білім беру, STEM және STEAM айырмашылығы, STEAM алғышарттары мен артықшылықтары, Қазақстандағы және әлемдегі STEAM бастамалары, «5Е» және PBL технологияларын сабақта қолдану бойынша әдістемелік кеңестер мен көлемді ақпараттар берілді.

Вебинардың соңында қатысушылар өз сұрақтар қойып, кері байланыс алды. Ұйымдастырушы тарапынан алдағы уақытта вебинар өз жалғасын табатыны туралы айтып өтті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар