Arduino-да әуен жасау

2022 жылғы 8 желтоқсан күні Халықаралық ынтымақтастық аясында «Өрлеу» БАҰО АҚ Астана қаласы бойынша кәсіптік даму институты және Томск қаласы «Ашық жастар университеті» БПҰ АҚ филиалы «Arduino-да әуен жасау» мастер-классын ұйымдастырып, өткізді. Аталмыш шараға Астана қаласы мектептерінің информатика пәнінің мұғалімдері қатысты.

Қатысушыларды құттықтау сөзінде филиал директоры Есжанова Гүлназ Мылтықбайқызы іс-шара «Өрлеу» БАҰО АҚ кәсіптік даму институтының 10 жылдығын мерекелеу жылы өткізіліп отырғанын атап өтті. Филиал үздіксіз білім беру жүйесінде педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша халықаралық қосымша білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты жалғастырып, «Ашық жастар университетімен» IT-даярлық бағдарламасы бойынша әріптестік шеңберінде өткізілетін мастер-класс үлгісі болып көрінді.

АКЕҰ ҚКБ АҚ «Интеллект аймағы» жобалық кеңсесінің директоры Дмитриев Игорь Вячеславович  қатысушыларға ынтымақтастық жөніндегі серіктестерге және «Ашық жастар университеті» ғылыми-техникалық шығармашылық саласында 1-11 сынып оқушыларын дамытудың заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлеу және IT-технологияларды іске асыру саласында 20 жыл қызмет атқарып келе жатқаны туралы айтты. Астана қаласында «Мектеп университеті» тереңдетілген IT-даярлық бағдарламасы бойынша 29 білім беру ұйымынан 9 500-ден астам оқушы оқытты.  

«АЖУ» контентін әзірлеу әдіскері Глушкова Лариса Сергеевна, қатысушыларды оқу материалымен таныстырып, виртуалды онлайн дайындау аймағында https://www.tinkercad.com. «Arduino-да әуен жасау» мастер-класс бойынша тәжірибелік сабақ өткізді.

Информатика мұғалімдері Tinkercad онлайн эмуляторында дыбыстық құрылғымен электрондық сызба құрастырып, дайын бағдарламалық кодты толықтырып, нәтижелерін тексерді.

Қатысушылар тарапынан (124 информатика мұғалімдері) мастер-класс ұйымдастырушыларына ризашылық білдіріп, IT-даярлық бағдарламасы бойынша іс-шараларды жалғастыру жөнінде тілектерін жеткізді. Әр қатысушыға электронды сертификат табысталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар