Байқау жеңімпаздарын марапаттау

🏆2022 жылғы 22 желтоқсанда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ фейсбук парақшасында тікелей эфирде «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2022» республикалық байқауының жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Өрлеу Басқармасының төрағасы Әсел Мухаметжанова марапаттау рәсімін салтанатты түрде ашып, Республика бойынша байқауда 22 номинация бойынша үздік атанған жеңімпаздарды құттықтады.🏆Шымкент қаласы бойынша «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2022» республикалық байқауында Раъно Султанова (Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының мұғалімдері) – 1 орын, Алуа Куралова (Техникалық және кәсіптік білімдегі заманауи білім беру технологиялары, Өндірістік оқыту шебері) -1 орын, Гулнур Шаймаханова (Бастауыш сыныптар мұғалімі) -2 орын, Жансулу Ерубаева (Биология мұғалімі) – 2 орын, Гульзат Медеева (Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі) -3 орын, Бахтияр Бағынбаев (Қосымша білім беру педагогтері) -3 орындарға ие болды.🏆Құрметті ұстаздар, жеңістеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар