Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 года ago

      «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ

Ақапараттық жүйелер және СММ департаментінің

инженер-бағдарламашы

бос лауазымына конкурс жариялайды

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бағыт бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, инженер-бағдарламашы лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, сондай-ақ Қоғамның осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін.

Негізгі міндеттері:

          1) математикалық модельдер мен алгоритмдерді талдау негізінде қойылған міндеттердің шешімін әзірлеу, оларды тестілеу мен жөндеу;

          2) ақпаратты өңдеудің барлық кезеңдері бойынша тапсырманы шешу технологиясын әзірлеу;

          3) алгоритмдер мен деректер құрылымын сипаттау үшін бағдарламалау тілін таңдау;

          4) есептеу техникасы құралдарымен өңдеуге жататын ақпаратты, оның көлемін, құрылымын, енгізу, өңдеу, сақтау және шығару макеттері мен схемаларын, оны бақылау әдістерін анықтау;

          5) бағдарламалардың функционалдық мақсатына сәйкестігін анағұрлым толық тексеруді қамтамасыз ететін бақылау мысалдары деректерінің көлемі мен мазмұнын анықтау;

          6) қойылған міндеттердің шарттарында айқындалатын жолға қойылған бағдарламаларды іске қосу және бастапқы деректерді енгізу;

          7) шығыс деректерін талдау негізінде әзірленген бағдарламаға түзету;

          8) дайын бағдарламалық өнімдерді пайдалану мүмкіндігін анықтау;

          9) бағдарламалармен жұмыс бойынша нұсқаулықтар әзірлеу, қажетті техникалық құжаттаманы ресімдеу;

          10) енгізілген бағдарламалар мен бағдарламалық құралдарды сүйемелдеу;

          11) бағдарламалардың дұрыстығын автоматты тексеру жүйесін әзірлеу және енгізу;

          12) стандартты бағдарламалардың каталогтары мен картотекаларын құруға, компьютерлік өңдеуге жататын электрондық түрдегі құжаттардың нысандарын әзірлеуге, бағдарламаларды жобалауға қатысу;

          13) компьютерлер мен жеке құрылғылардың дұрыс техникалық пайдаланылуын, үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

          14) компьютерлер мен жекелеген құрылғыларды жұмысқа дайындауды жүзеге асыру, оларды техникалық тексеру, ақаулықтардың бар-жоғын тексеру және ақаулықтарды жою;

          15) компьютерлер мен жекелеген құрылғыларды жөндеуді уақтылы және сапалы орындау бойынша шаралар қабылдау;

          16) математикалық модельдер мен алгоритмдерді талдау негізінде қойылған міндеттердің шешімін әзірлеу, оларды тестілеу мен жөндеу;

            17) ақпаратты өңдеудің барлық кезеңдері бойынша мәселені шешу технологиясын әзірлеу;

          18) алгоритмдер мен деректер құрылымын сипаттау үшін бағдарламалау тілін таңдау;

          19) есептеу техникасы құралдарымен өңдеуге жататын ақпаратты, оның көлемін, құрылымын, енгізу, өңдеу, сақтау және шығару макеттері мен схемаларын, оны бақылау әдістерін анықтау;

          20) бағдарламалардың функционалдық мақсатына сәйкестігін анағұрлым толық тексеруді қамтамасыз ететін бақылау мысалдары деректерінің көлемі мен мазмұнын анықтау;

          21) қойылған міндеттердің шарттарында айқындалатын жолға қойылған бағдарламаларды іске қосу және бастапқы деректерді енгізу;

          22) шығыс деректерін талдау негізінде әзірленген бағдарламаға түзету жасау;

          23) дайын бағдарламалық өнімдерді пайдалану мүмкіндігін анықтау;

          24) бағдарламалармен жұмыс бойынша нұсқаулықтар әзірлеу, қажетті техникалық құжаттаманы ресімдеу;

          25) енгізілген бағдарламалар мен бағдарламалық құралдарды қолдау;

          26) бағдарламалардың дұрыстығын автоматты тексеру жүйесін әзірлеу және енгізу;

          27) стандартты бағдарламалардың каталогтары мен картотекаларын құруға, компьютерлік өңдеуге жататын электрондық түрдегі құжаттардың нысандарын әзірлеуге, бағдарламаларды жобалауға қатысу;

          28) компьютерлер мен жеке құрылғылардың дұрыс техникалық пайдаланылуын, үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

          29) қоғам жұмысындағы кемшіліктер, оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы басшылықты хабардар ету;

          30) техникалық қолдау қызметіне келіп түсетін өтініштерді қабылдау, тіркеу, шешу;

          31) диагностика жүргізу, оқыс оқиғалардың себебін анықтау;

          32) жүйенің функционалдығы мен мүмкіндіктері туралы кеңес беру;

          33) пайдаланушының міндеттері үшін стандартты емес шешімдерді әзірлеу;

          34) платформаның функционалдығын тексеру;

          35) техникалық тапсырмаларды жазу;

          36) жүйені пайдаланушылар үшін Zoom бойынша оқыту консультацияларын өткізу;

          37) пайдаланушылардың міндеттері бойынша кеңес беру және жүйені баптау;

          38) телефон арқылы Қоғам пайдаланушыларына қолдау көрсету;

          39) білім базасын қолдау және кеңейту, скринкастар, платформамен жұмыс істеу туралы мәтіндік нұсқаулар жасау;

          40) пайдаланушыларға қол жеткізу құқығын белгілеу;

          41) платформадағы бейне сабақтарды тексеру;

   42) атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 05.01.2022ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2022 жылғы 05 қаңтарында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job