Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 года ago

      «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ

Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаментінің

жүргізуші лауазымына конкурс жариялайды;   

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: Біліктілікке қойылатын талаптар: жүргізуші куәлігінің тиісті санатының B болуы, D санаты болғаны қалаулы, көлік құралын кемінде үш жыл басқару өтілін болғаны қалаулы. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін білу.

        Білуге тиіс: жол қозғалысы және автомобильдерді техникалық пайдалану ережелерін; қызмет көрсетілетін автомобильдер агрегаттарының, тетіктері мен аспаптарының мақсатын, құрылысын, жұмыс істеу қағидаты мен жұмысын; автомобильді пайдалану процесінде туындаған ақаулықтардың себептерін, оларды анықтау және жою тәсілдерін; автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуді жүргізу тәртібін, гараждарда және ашық тұрақтарда сақтау қағидаларын, аккумулятор батареялары мен автомобиль шиналарын пайдалану қағидаларын, жаңа автомобильдерді және күрделі жөндеуден кейін сыннан өткізу ережесін, ауа-райының автомобиль жүргізу қауіпсіздігіне әсерін, жол-көлік оқиғаларының алдын алу тәсілдерін, жол-көлік оқиғалары кезінде жолаушыларды шұғыл эвакуациялау тәртібін, қызмет көрсетілетін автомобиль жұмысын есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттарды толтыру қағидаларын, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртіптемесінің тәртібін, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын.

Негізгі міндеттері:

1) еңбек шартымен, Қоғамның ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;

           2) атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Қоғам басшылығының, сондай-ақ Департамент директорының тапсырмаларын орындау;

           3) міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;

           4) жүргізушіге бекітілген Қоғамның қызметтік көлігінің техникалық жарамды жай-күйін қамтамасыз ету, оның сақталуы бойынша шаралар қабылдау;

           5) Қоғамның қызметтік көлігін жол қозғалысының белгіленген ережелеріне сәйкес жүргізуді жүзеге асыру және жолаушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын, сондай-ақ қызметтік көліктің өзінің техникалық жарамды жай-күйін барынша қамтамасыз ету; 

           6) Қоғамның қызметтік көлігінің техникалық жай-күйін қадағалау, нормаларға сәйкес оны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстарды дербес орындау;

           7) техникалық қызмет көрсету және техникалық байқаудан уақытылы өту;

           8)  Қоғамның қызметтік көлігінің қозғалтқышын, шанағын және салонын таза ұстау;

           9) белгіленген тәртіппен медициналық қарап-тексерулерден өту;

           10) жұмыс алдында немесе жұмыс барысында адам ағзасының зейінін, реакциясын және жұмысқа қабілеттілігін төмендететін алкогольді, психотроптық, ұйықтататын дәрілерді және басқа да дәрілерді қабылдамау;

           11) Қоғамның қызметтік көлігінің қозғалысын басқару, Қоғамның қызметтік көлігіне отын-жағармай материалдарын уақытында құюды жүзеге асыру;

           12) жол парақтарын ресімдеу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимін сақтау;

           13) Қоғамның қызметтік көлігінің жұмыс барысында пайда болған ақаулықтарын жою;

   14) Департаменттің әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі менеджерін сеніп тапсырылған автокөлікті техникалық тексеру және сақтандыру полистерінің әрекет ету мерзімінің өтуі туралы уақытылы хабардар ету;

           15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдау;

  16) Департаменттің басқа жүргізушілері уақытша болмаған жағдайда олардың міндеттерін орындау (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.);

           17) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;

           18) келтірілген залалды Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеу;

           19) атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктері мен құзыреттері шеңберіндегі мәселелер бойынша Қоғамның жұмыс топтарының, комиссияларының жұмысына, сондай-ақ кеңестеріне қатысу;

           20) мүгедектіктің белгіленгені немесе еңбек міндеттерін жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайының өзге де нашарлауы туралы жұмыс берушіге хабарлау;

           21) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қатер төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлау;

           22) жұмыс берушінің талабы бойынша жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстыру кезінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өту;

           23) жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын мүлтіксіз қолдану және мақсаты бойынша пайдалану;

     24) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;

           25) Қоғамның еңбек тәртібін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын және қызметтік әдеп ережелерін, сондай-ақ жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі нормалардың, қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарын сақтау;

     26) атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– жүргізуші куәлігі B санатымен (D санатымен болған жағдайда), жұмыс тәжірибесі еңбек кітапшасының немесе еңбек қызметін растайтын басқа құжаттардың көшірмелері;

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 17.01.2023ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2023 жылғы 18 қаңтарында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job