«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының баспа ісі жөніндегі бас маманы
Архив
Атырау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago
«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы оқу ісі бөлімінің баспа ісі жөніндегі бас маманы лауазымына конкурс жариялайды;
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мәдениет туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының қызмет бағытын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін, жұмыстарды редакциялау және түзету әдістерін, қолжазбаларды өндіріске тапсыруды, баспаға корректуралық бедерлерді дайындауды, полиграфиялық өндіріс технологиясының терминдерін, белгілерін және өлшем бірліктерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);
– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 27.01.2023ж. дейін Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24 мекен-жайы бойынша немесе e-mail: a_ipk@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7122) 58-63-45, 87014121739 басқарма бастығы.
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2023 жылғы 27 қаңтарында сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы Авангард 4 ықшам ауданы, Адмирал Л.Владимирский көшесі, 24, 2 қабат, 203-кабинет
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.