Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 года ago

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Ғылым, инновациялар және талдау департаментінің бас маманы бос лауазымына конкурс жариялайды;   

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бағыт бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарындағы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі кемінде үш жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру, В2 деңгейінен төмен емес ағылшын тілін меңгеру.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, біліктілікті арттыру, оқыту және білім беру саласын, педагогика мен психологияның әдіснамалық негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, менеджмент негіздерін, педагогикалық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін,  сондай-ақ Қоғамның осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

Негізгі міндеттері:

  1. Қоғам филиалдарының ғылыми-зерттеу, инновациялық, мониторингтік қызмет жөніндегі жұмысын үйлестіру;
  2. ғылыми-зерттеу, инновациялық және мониторингтік қызметті ұйымдастыру, оның даму перспективаларын айқындау, қойылған міндеттерді шешу жолдарын таңдау;
  3. Қоғамның жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу, инновациялық және мониторингтік қызмет бойынша перспективалық және жылдық жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеуге қатысу;
  4. Қоғам филиалдарының ғылыми-зерттеу, инновациялық және мониторингтік қызметі есептілігінің нысанын әзірлеуге қатысу;
  5. Қоғам филиалдарының ғылыми-зерттеу, инновациялық және мониторингтік қызметі мәселелері бойынша талдамалық есептер мен ақпараттық анықтамалар үшін материалдар дайындау;
  6. сұратылып отырған нысан бойынша Қоғам филиалдарының ағымдағы жылғы қызметі туралы жартыжылдық және жылдық талдамалық есеп (кестелермен, слайдтармен, диаграммалармен) үшін материалдар дайындау;
  7. Қоғам басшылығына ұсынылатын нормативтік-құқықтық, әдістемелік, әдіснамалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық-техникалық құжаттаманы талдау;
  8. филиалдардың мамандарына ғылыми-зерттеу, инновациялық және мониторингтік қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсету;
  9. халықаралық, республикалық, өңірлік, облыстық ғылыми-тәжірибелік симпозиумдарды, конференцияларды, семинарларды бетпе-бет/онлайн ұйымдастыруға және олардың жұмысына қатысу;
  10. білім беру, оның ішінде кәсіптік даму саласындағы қазақстандық және халықаралық ұйымдардың ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға қатысу;
  11. Қоғамның ғылыми-зерттеу жобалары шеңберінде, сондай-ақ Қоғам атынан өткізілетін сырттай қаржыландырылатын жобалар мен конкурстардың дизайнын әзірлеу және далалық зерттеулер мен эмпирикалық деректер жинау;
  12. Қоғам ұсынатын білім беру қызметтеріне мониторингтік зерттеулер жүргізу үшін әдіснамалар мен құралдарды әзірлеу; Қоғам филиалдарының курстық және курстан кейінгі қызметіне мониторинг жүргізу жүйесін құру және тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті өлшемдер мен әдістерді жетілдіру;
  13. облыстардағы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінің жай-күйі туралы деректер банкін қалыптастыру (қызметті мониторингтік зерттеу нәтижелері);
  14. кәсіби қиындықтар мен қажеттіліктерді талдау негізінде кәсіби даму саласындағы педагогтердің қажеттіліктері бойынша ұсыныстар дайындау;
  15. ҚР Білім министрлігі, басқа да қазақстандық және халықаралық ұйымдар қаржыландыратын ғылыми конкурстарға өтінімдер беру барысында басшы ретінде әрекет ету, Қоғам филиалдарының біліктілікті арттыру саласындағы халықаралық ұйымдардың ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруға қатысуына жәрдемдесу;
  16. Қоғамның ресми сайтында департаменттің материалдарын жүргізуге және жүйелеуге жауап беру;
  17. жоспарлы жұмыстардың тиімді және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
  18.  атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 27.01.2023ж. дейін Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2023 жылғы 31 қаңтарында сағат 16.00-де Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job